Атырау, 22 қараша 03:23
 бұлттыВ Атырау +4
$ 494.87
€ 520.65
₽ 4.91

Атырау облысының полиция департаменті: «Біздің қызметкер бөгет бекетте пара алған жоқ»

6 578 просмотра

Атырау облыстық полиция департаментінің өкілі Гүлнәзира МҰҚТАРОВА «АЖ»-ға «Казинформ» агенттігінің бөгет бекеттердегі сыбайлас жемқорлық туралы жарияланымының  Атырауға қатысты бөлігіне айтарлықтай нақты ақпарат енгізуге өтініш білдірді.

Оның айтуынша, бөгет бекетте полиция қызметкері өзіне пара ұсынылғаны туралы басшылыққа хабарлаған, сондықтан пара беруші ғана сотталды. Бұл жерде Мұқтарованың сөзі №2 қалалық соттың үкімімен расталып отыр.

Үкімнің мәтінінде келтірілген істің қысқаша мазмұнына тоқтала кетейік. Қызыл-Орда тұрғыны өзінің жеке автокөлігімен Ақтау қаласындағы ауруханаға түскен туысына бару үшін жолға шыққан. Оған дейін Ақтөбе және Атырау арқылы жүру керек. Оны бөгет бекетте тоқтатқанда полиция қызметкеріне пара беруге тырысып, Каспий.кз  арқылы оның карточкасына 15 мың теңге аударып жібереді. Полиция қызметкері азаматтың бұл әрекетін біліп қалып, ақшасын кері  қайтарады да, басшыға баяндайды. Полицияның нөмірін қайдан білді дейсіздер ғой, пара беруші  оған дейін полицияның телефон нөміріне ватсап арқылы  туысының ауруханада жатқаны туралы анықтама жіберген. Сондықтан нөмір оның телефонында сақталып қалған.

Ал, пара берушіге  112 500 теңге көлемінде айыппұл салынды. 

Дайындаған Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА


15 мамыр 2020, 09:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.