Атырау, 3 мамыр 05:09
 ашықВ Атырау +18
$ 443.37
€ 474.49
₽ 4.83

​Теңіз кенішінде індеттің таралуына алаңдаған вице-премьер мен денсаулық сақтау министрі Атырауға келді​​

Сурет Бейнежазба
3 884 просмотра

Атырауға вице-премьер Ералы ТОҒЖАНОВ бастаған үкіметтік делегация келді. Олар облыстық әкімдікте аймақтағы эпидемиологиялық ахуал, «Теңіз» кенішіндегі жұмысшыларды шығару және Жұмыспен қамту жол картасын жүзеге асыру мәселелеріне қатысты  жиын өткізді.

Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетовтың айтуынша, өңірдегі эпидемиологиялық жағдай әлі де тұрақты емес:

- 27 наурыздан бастап COVID-19 инфекциясын жұқтырған 458 жағдай тіркелген. Олардың 127-сі емделіп шықты. Вирус жұқтырғандардың дені - «Теңіз» кенішінің жұмысшылары: ол жерде 20 жатақханада тұратын 384 жұмысшыдан вирус анықталды. 

Өз кезегінде ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан БІРТАНОВ Теңіз кенішінде карантиндік талаптар жеткілікті деңгейде сақталмай отырғанын атап өтіп, алдын алу шараларын күшейтуге, мердігер және қосалқы мердігер компания басшыларының жауапкершілігін арттыруға шақырды. 

Биыл «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» бағдарламасын жүзеге асыру үшін Атырау облысына республикалық бюджеттен 35 млрд теңге бөлінді. Осы қаржыға 7 мың жұмыс орны ашылады.

Дайындаған Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА 

14 мамыр 2020, 22:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.