Қазақстанда төтенше жағдай режимі тоқтатылғаннан кейін көктемгі әскерге шақыру қайта жалғасты. Атырау облысынан 662 азаматты әскерге жіберу жоспарланып отыр.
Естеріңізге сала кетсек, көктемгі әскерге шақыру наурыз айында басталатын. Біздің өңірде төтенше жағдай енгізілгенге дейін 35 азаматты – барлығын ҰҚК Шекара қызметіне шақырып үлгерген. Содан кейін демобилизация және тиісінше шақыру тоқтатылды.
Қазір әскерге шақыру науқаны қайта жанданды. 20 мамырдан бастап Республикалық ұланға 48 адамды, 22 адамды шекара әскеріне және т.б. жіберу жоспарланып отыр.
Жақында өткен онлайн брифингте облыстың бас санитарлық дәрігері Темірбек МҰСАҒАЛИЕВ ұлдарын коронавирусқа байланысты қызметке жіберу қауіпті емес пе деп алаңдап отырған ата-аналардың сұрағына жауап бере отырып, барлық әскерге шақырылғандарды міндетті түрде COVID-19-ға тексереді, сондықтан әскери бөлімдерде инфекция жұқтырғандар болу мүмкін емес деді.
Зульфия ИСКАЛИЕВА