Атырау, 3 мамыр 04:59
 ашықВ Атырау +18
$ 443.37
€ 474.49
₽ 4.83

Атырау қаласына ұшуға шектеу қойылды

6 220 просмотра

Қазақстан Республикасы аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешіміне сәйкес, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ұсыныстарын ескере отырып, ағымдағы жылғы 13 мамырдан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларынан Шымкент, Ақтау, Орал, Жезқазған, Балхаш, Зайсан және Үржарға ұшулар қайта ашылып жатыр, деп хабарлайды ҚР ИИДМ баспасөз қызметі.

Рейстер қазақстандық әуе компанияларының ресми сайттарында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.

Ұшулар Көліктегі бас санитарлық мемлекеттік дәрігер бекіткен санитарлық қауіпсіздіктің жоғары шаралар шарттарына сәйкес жүзеге асырылады:

- жеке қорғаныс жабдықтарын пайдалану (бетперделер, қолғаптар);

- термометрия, әуе кемесінің бортына отыруға дейін әлеуметтік қашықтықты сақтау;

- әуежайлар мен әуе кемелердің күшейтілген дезинфекциясы.

Жазғы мерзімде әуе тасымалдарына сұраныстың артатынын назарға алып, әуе компаниялары ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-карантиндік шараларын және сұранысты ескеріп, қалалар арасында қатынайтын рейстер санын өздері анықтайды.

Бүгінгі таңда ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ұсынысына байланысты Атырау қаласына ұшуға шектеу қойылған. Қазақстанның әуе компанияларына бейінді Министрлік арқылы ведомствоаралық комиссияның шешімінсіз ұшуға тыйым салынған жерлерге әуе билеттерін сатуға болмайтыны туралы жеткізілді.

14 мамыр 2020, 14:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.