Атырау, 16 қаңтар 10:53
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 529.70
€ 545.96
₽ 5.17

Теңіз кенішінің 25 жұмысшысы Covid-19 жұқтырды, оның үшеуі Үндістан азаматы

4 099 просмотра

Олардың ішінде үш науқас Үндістан азаматы, деп хабарлайды Атырау облысындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі шұғыл штаб.

Қауіпті дертке шалдыққандар  - кен орнынан шығар алдында  скринингтен өткен жұмысшылар. Атап айтқанда, науқастар  - 1996, 1971, 1978, 1974, 1992, 1965, 1974, 1988, 1974, 1987, 1984, 1976, 1970, 1998, 1986, 1992, 1991, 1982, 1978, 1982, 1979, 1994, 1987 , 1992, 1972 жылы туылған жиырма бес ер адам.

Covid-ке алынған тесттен оң нәтиже көрсеткендер инфекциялық стационарға  жатқызылады және хаттамаға сәйкес тиісті ем алады. 

Науқастармен байланыста болғандар анықталып, олар дәрігерлердің  бақылауына  алынды. Қазіргі уақытта инфекция  ошақтарына дезинфекция жұмыстары жүргізілуде.  

Осылайша, Атырау облысында коронавирус жұқтырғандар саны 457 адамға жетті. Ал, аталмыш індеттен сауығып шыққандар  саны - 127.

14 мамыр 2020, 12:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.