Атырау, 19 сәуір 10:23
 ашықВ Атырау +30
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Путиннің баспасөз хатшысы коронавирус жұқтырғаннан кейін жағдайын айтты

2 969 просмотра

12 мамырда Ресей президенті Владимир Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков пен оның әйелі Татьяна Навка коронавирус жұқтырғаны белгілі болды

Песков "Коммерсантқа" аурудың ағзасына қалай әсер етіп жатқанын айтты. 

Песковтың айтуынша, ол коронавирус жұқтырған әріптестерінің бірімен байланыста болғаннан кейін 1 мамырдан бастап оқшауланған. Ол коронавирус тестін күн сайын тапсырған. 

"Міне, тест оң нәтиже көрсетті. Бірінші күні ешқандай белгі болмады, содан кейін дене қызуым 37 градустан жоғары болды...Жағымсыз дене қызуы. Ауырсына бастадым. Таня да ауырсына бастады, оның дене қызуы жоғары болды. Екі-үш күндей үйде болдық. Күндіз 37,4. Кешке 37,8...", - дейді Песков. 

Дмитрий Песковтың сөзінше, дене қызуы түспегей, ауырсыну басылмаған соң ауруханаға барып, тест тапсырған. 

"Бұл ауруда бастысы - уақыт оздырып алмау керек. Бұл - қанішер вирус. Қайта, құдайға шүкір, дәрігерлердің бұл вируспен күресуде тәжірибесі бар", - дейді ол. 

Песков дәрігердің оған екіжақты пневмония диагнозын қойғанын айтады. Сондықтан ауруханада жату-жатпау деген таңдау болмаған да.

"Отбасым бір жарым айдай, барлық шараны сақтап отырды. Мен жұмысқа барлық сақтық шарасын қадағалап барып жүрдім. Қазір ірі жиналыстар өткізбейміз, барлығы бір-бірімен түрлі байланыс құралы арқылы хабарласады. Қорғаныш құралдарын қолданады. Бір-бірінің кабинетіне кірмейді, құжаттар арнайы дезинфекциялық спреймен өңделеді. Бірақ вирус шынымен қауіпті, адамнан адамға тез тарайды. Одан қорғанудың жалғыз жолы - созылмалы аурулары бар, қарт адамдар үйде отырып, адамдармен байланысты тоқтатуы керек", - деп түсіндірді Песков. 

Путинмен соңғы рет қашан кездескені туралы сұраққа Песков бір айдан асып кеткенін айтты. 

"Жұмыс басқаша ғой. Бұл не дегенмен жұмыс процесінің мәнін өзгертпейді. Барлығы видеоконференция түрінде өтті. Заманауи технологиялар құпиялық режимін сақтауға мүмкіндік береді, мәселен Қауіпсіздік кеңесінің жиындарында", - дейді Песков. 

Дереккөз: tengrinews.kz

14 мамыр 2020, 10:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.