Атырау, 3 мамыр 00:14
 ашықВ Атырау +19
$ 443.37
€ 474.49
₽ 4.83

«Ембімұнайгаздың» ауысым жұмысшысынан коронавирус анықталды

5 087 просмотра

«Ембімұнайгаз» АҚ-ның қоғаммен байланыс қызметі хабарлағандай, 12 мамырда кешкісін Құлсары қаласындағы «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ қызметкерінде коронавирус инфекциясының белгісі анықталды. Сол күні ол қызметкер мамандандырылған стационарға карантинге жатқызылып, онымен байланыста болған адамдар анықталды.  

Вирус жұқтырған науқасты вахта жұмысына кіретін барлық  жұмысшыға жасалған ПТР-тест қорытындысы бойынша анықтады. Бүгінде «Ембімұнайгаз» АҚ-ның 1120 қызметкері ПТР-тест сынағынан өтті. Сонымен қатар, вахталық поселкелердің қызметін қамтамасыз ететін мердігер және сервистік мекемелердің қызметкерлері де тест сынағынан өтуге міндетті. Өндірістік  құрылымдық бөлімшелердің жұмысшыларын кең қамту үшін жылжымалы зертхана Аққыстау ауылы, Мақат, Доссор кенттерінде және Жамансор стансасында ұйымдастырылуда.

ТЖ режимінің жойылуына байланысты 11 мамырдан бастап «Ембімұнайгаз» АҚ өндірістік бөлімшелерінде жұмысшылардың ауысымы басталды. Өйткені төтенше жағдай енгізілгендіктен алдыңғы ауысым өндірісте 56 күн болды.

Ауысымға келетін және кететін жұмысшылардың барлық тізімі әрқайсысының тұрғылықты жері көрсетіліп, Атырау облысының шұғыл штабына жолданады. Қолданыстағы шектеулер аясында «Ембімұнайгаз» АҚ-дағы барлық өндірістік жиналыстар азайтылып, бейнеконференциялар арқылы өткізіледі.

Мердігер және басқа мекемелердің өкілдеріне компанияның нысандарына кіруге шектеу қойылды. Барлық қызметкерлер жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілді. Нысандарға кірген кезде жұмысшылардың дене қызуы тексеріледі. Компанияның барлық нысаны дезинфекциялайтын сұйықтық құйылған санитайзерлермен жарақталған. Күніне екі рет кеңсе және өндірістік орынжайларға санитарлық тазарту жүргізіледі. Жұмысшыларды тасымалдауға арналған көліктер әр рейстен кейін дезинфекцияланады. Әлеуметтік қашықтықты қамтамасыз ету үшін вахталық поселке асханаларында тамақтану уақыты ұзартылды, - деп хабарлады «Ембімұнайгаз» АҚ қоғаммен байланыс қызметі.

Дайындаған Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА 

13 мамыр 2020, 17:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.