13 мамыр күні Атырау облысында бір күнде коронавирус жұқтырған 93 жағдай тіркеліп, рекорд көрсетті. Оның 90-ы Теңізде тіркелген.
Жедел штабтың мәліметіне сәйкес, жаппай жұқтырудың себебі сол баяғы ара қашықтықты сақтамаудан болып отыр. Теңіздегі жұмысшылар өзара тығыз байланыста болып, бірігіп темекі тартып, әңгімелеседі. Жаңадан анықталғандардың бәрі бұрын науқаспен байланыста болған және кетер алдында жұқтыруы мүмкін деген топта болып сынама тест жасалғандар. Қазір Теңіз кенішінде аурудың 17 ошағы белгіленді, ал карантиндік стационарда 2 мыңнан астам адам бар.
Бұл жерде 10-12 күнде Теңіздегі жағдай тұрақталады деген облыстың бас санитарлық дәрігері Темірбек МҰСАҒАЛИЕВТЫҢ болжамы шындыққа жанаспайтын секілді.
Зульфия ИСКАЛИЕВА
Бейнежазбаны түсірген автор