Атырау, 29 желтоқсан 20:02
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 504.60
€ 594.27
₽ 6.48

Өзбекстанда сел жүріп, 300 адам эвакуацияланды

3 047 рет қаралды

Өзбекстанның Навои облысында сел жүріп, 300 адам эвакуацияланды, - деп хабарлайды Uznews.uz.

Өзбекстанның ТЖМ мәліметінше, 13 мамырда шамамен сағат 02:30 бен 04:30 аралығында жауын-шашын қатты жауып, сел жүрген. Алдын ала мәлімет бойынша, 4 үй бүлінген.

Оқиға орнына 9 көлік пен Төтенше жағдай басқармасының 70 қызметкері барған. Жедел әрекет ету барысында 300 адам қауіпсіз жерге көшірілді.

Басылымның мәліметінше, ешкім зардап шеккен жоқ.

Дереккөз: tengrinews.kz

13 мамыр 2020, 12:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.