Атырау, 25 сәуір 03:31
 ашықВ Атырау +20
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Атырауда коронавирус жұқтырған екі жүкті әйел дені сау сәбиді дүниеге әкелді

4 643 просмотра

Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі ұсынған сурет

Атырауда коронавирус жұқтырған екі жүкті әйел босанды- деп, хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. 

№2 Атырау облыстық ауруханасында коронавирус жұқтырған екі жүкті әйел босанды. 

Аталған аурухананың білікті хирургтары мен анестезиолог мамандары, Атырау облыстық перинаталдық орталықтың дәрігер-реаниматологтары, гинеколог және акушер құрамы мен неонатологтар оларды аман-есен босандырып алды. Салмағы - 3,620 келі, бойы-53 см болып туылған дені сау қыз баланы 29 жастағы әйел кесар тілігі арқылы дүниеге әкелді. Ал, 24 жастағы әйел өздігінен  салмағы - 4,270 келі, бойы- 56 см  ұл баланы босанды. Жаңа туған нәрестелерден Covid-19-ға талдау алынды, нәтижесі ертең шығады деп күтілуде. 

- 29 және 24 жастағы жүкті әйелдер инфекциялық стационарға жүктіліктің 38 аптасында коронавирус инфекциясының белгісі жоқ, бірақ расталған жағдайымен қабылданған болатын. Босанған аналар жұқпалы аурулар бөлімшесінде хаттамаға сәйкес емін жалғастыратын болады. Нәрестелер аналарынан оқшауланып, арнайы әзірленген таза палатаға ауыстырылды. Жағдайлары қанағаттанарлық, дәрігерлердің бақылауында, - дейді  №2 Атырау облыстық ауруханасы директорының орынбасары  Надя Ерғалиева

Айта кету қажет, босану уақыты жақындаған 29 және 24 жастағы жүкті әйелден коронавирусқа қатысты тест қорытындысы оң нәтиже бергендіктен аталған аурухананың изоляторына жатқызылған болатын.

12 мамыр 2020, 23:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.