Атырау, 17 сәуір 04:37
 ашықВ Атырау +20
$ 448.81
€ 476.82
₽ 4.77

Атырауда «Сергек» карантиннен кейін іске қосыла ма?

3 494 просмотра

Атырауда «ақылды» «Сергек» бейнебақылау жүйесі пайдалануға берілді. Қазіргі уақытта жүйенің, ситуациялық орталықтың және басқа құрамдас бөліктердің жұмысқа қабілеті тексерілуде. Бұл туралы «АЖ» тілшісіне Қазақстанда «Сергек» жүйесін орнатумен айналысатын «Көркем-Телеком» ЖШС-нің баспасөз қызметі хабарлады.

- Жоба сынақтан өту үшін пайдалануға берілді, бірақ әзірге жол ережесін бұзғандарға айыппұл салынбайды. Жергілікті билік жүйенің жол қозғалысы ережелерін бұзушылықты қашаннан бастап тіркейтінін қосымша хабарлайды, - деп хабарлады «Көркем-Телеком» ЖШС-нің елордадағы кеңсесі.

Осы уақытта Атырауда «Сергек» жүйесінің арқасында жол белгілері мен жолақтар жаңартылды.

Атыраудағы жобада 3 мыңға жуық камера қамтылған: жол қиылыстары мен сызықты учаскелерде 204 кешен (1224 камера), 774 жалпы бақылау камерасы және 750 біріктірілген бұрылмалы камера орнатылады. Сауда орталықтары мен басқа да халық көп жиналатын орындарда бейнебақылау камералары «Сергек» жүйесімен біріктіріледі.

Фархат ӘБІЛОВ

13 мамыр 2020, 13:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.