Атырау, 26 қараша 07:04
 ашықВ Атырау +4
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Ресей COVID-19 жұқтырғандар саны бойынша әлемде 2-орында тұр

3 222 просмотра

Ресейде коронавирус жұқтырғандардың саны 232 243-ке жетті. Осылайша Ресей COVID-19 жұқтырғандар саны бойынша әлемде 2-орында тұр, - деп хабарлайды РИА Новости.

Джонс Хопкинс университетінің мәліметінше, бүгінде әлем бойынша коронавирус жұқтырғандар саны бойынша АҚШ көш бастап тұр, онда науқастардың саны 1,3 миллионнан асады. Кейін тізімде Ресей, Испания, Ұлыбритания тұр.

Сондай-ақ, бұл тізімде Италия, Франция, Германия, Бразилия, Түркия, Иран және Қытай бар.

Басылымның мәліметінше, Ресейде бір тәулікте коронавирус жұқтырған 10 899 адам тіркелген, 3 711 адам айығып, 107 науқас қайтыс болған. Ал әлемде вирус жұқтырғандардың саны 4 миллионнан асады. 286,3 мын адам қайтыс болған.

Дереккөз: tengrinews.kz

12 мамыр 2020, 14:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.