Атырау, 29 наурыз 05:00
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Кімдерге Атырау аумағына кіріп-шығуға рұқсат етілді

8 399 просмотра

Облыстық бас санитарлық дәрігердің Қаулысының 5-тармағына сәйкес, Атырау облысының әкімдігі, құқық қорғау мен арнайы органдарына төмендегілерді қамтамасыз ету тапсырылды:

1) ҚР БМСДҚ 13-қосымшасына сәйкес аудандар арасындағы бақылау-өткізу бекеттерінде санитарлық-карантиндік бақылауды төмендегілерді қамтамасыз етумен ұйымдастыру: 

а) азаматтардың бір реттік кіруі мен шығуына ТЖ тәртібі аяқталған соң өз қызметін қайта бастаған мекемелерде жұмыс жасау үшін Атырау қаласындағы тұратын жері мен тұрақты жұмысын растайтын құжатты көрсету негізінде жұмыс берушінің жедел штабқа жазбаша өтініш жасауы арқылы рұқсат етіледі; 

ә) азаматтардың жарияланған карантиндегі аймақтар/қалалардың территориясына кіруі мен шығуы медициналық көрсетелімдері негізінде екіден көп емес адаммен ілесіп келуі төмендегі құжаттар болған жағдайда рұқсат етіледі: 

- аумақтық амбулаторлық-поликлиналық мекеменің диагноз бен емдеудің жедел өткізілу қажеттілігін растайтын дәрігерлік-кеңесшілік комиссияның Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі қызметін орындаушысының 2010 жылдың 23 қарашасындағы «Денсаулық сақтау мекемелерінің алғашқы медициналық құжаттама үлгілерін бекіту туралы» №907 бұйрығымен бекітілген 035-1/у үлгісіне сәйкес қорытындысы;

- карантиндік аймақта орналасқан медициналық мекеменің бірінші басшысының қолы қойылып, елтаңбалы мөрі бар диагноз бен жеделділікті дәлелдейтін  шақыру-хаты;

б) осы қаулыдағы а) абзаціндегі 2) тармақшасы 5-тармақта көрсетілгендерден басқа тұлғалардың жеке категорияларына кіріп-шығуына рұқсат жергілікті атқарушы органдармен беріледі. Бұл жағдайда көрсетілген тұлғалар келген жерінде 14 күндік үй карантиніне жатқызылуы тиіс.     

 Атырау облысындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі шұғыл штаб

12 мамыр 2020, 00:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.