Атырау, 18 сәуір 18:27
 ашықВ Атырау +18
$ 448.89
€ 477.93
₽ 4.76

Атырау тұрғындарына көшеде белгілі бір уақытта жүруге рұқсат етілді

5 142 просмотра

Қала тұрғындарына әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, таңертең және кешке тұрғылықты жерінен кетуге рұқсат етіледі, деп хабарлайды Атырау облысындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі шұғыл штаб.

Облыстық бас санитарлық дәрігердің жаңа Қаулысына сәйкес, азаматтарға 1,5-2 метр ара қашықтықты сақтай отырып, (үш адамнан артық емес немесе бір отбасының мүшелеріне) тұрғылықты жерінен шығуға, жүруіне рұқсат берілген. Таңертең сағат 7.00-ден -10.00-ге дейін және кешкі сағат 17.00-ден 20.00-қа дейінгі аралықта міндетті түрде маска тағып шығу керек.

- Азаматтардың қозғалысы жұмысқа баруға, азық-түлік, дәрі-дәрмек, бірінші қажеттіліктегі заттарды, рұқсат берілген қызмет түрлерін алуға (тұрғылықты жеріне жақын маңдағы), шұғыл жағдайлар бойынша дәрігерлік көмек алуға байланысты қозғалысына, азаматтарға қызметтік, жеке, қоғамдық көлікпен жүруіне рұқсат берілсін, - делінген Қаулыда.

Сонымен қатар, құжатқа сәйкес, мемлекеттік органдар, жедел жәрдем және шұғыл медициналық қызмет көрсету қызметкерлері, мемлекеттік медициналық мекемелер, санитарлық - эпидемиологиялық қызмет, өрт сөндіру, авариялық құтқару және авариялық техникалық қызмет, сондай ақ, стратегиялық маңыздағы нысандарға өндірістік қызмет көрсететін және өмірді қамтамасыз ету нысандары қызметкерлерінен басқа бөгде адамдарсыз, отбасы мүшелерінсіз  сағат кешкі 21.00 мен 6.00 аралығында Атырау қаласында азаматтар мен көліктердің қозғалысына салынған тыйым толық сақталған.

- Қызметтік куәлік пен жұмыс орнынан берілген анықтамамен жүруге рұқсат етіледі, - деп нақтыланған құжатта.

12 мамыр 2020, 00:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.