Осылайша, өңірде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 323 адамға жетті, деп хабарлайды Атырау облысындағы төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі шұғыл штаб.
Штаб мәліметіне сәйкес, науқастың барлығы - Теңіз кенішінде жұмыс істейтін мердігер мекемелердің қызметкерлері. Атап айтқанда, 1986, 1986, 1961, 1984, 1993, 1990, 1976, 1994, 1992, 1998, 1993,1989, 1997, 1972, 1994, 1998, 1996 он жеті ер адам және 1991, 1985, 1973, 1964 жылғы әйелдер.
Науқастармен байланыста болған адамдар анықталуда, барлығы медициналық бақылауға алынған.
Инфекция ошағына дезинфекция жұмыстары жүргізіліп жатыр.
2020 жылғы 11 мамырдағы жағдай бойынша Атырау облысында 323 адамнан COVID-19 инфекциясы анықталды. Оның 252-сі – Теңіз жұмысшылары.