Атырау, 18 сәуір 21:10
 ашықВ Атырау +18
$ 448.89
€ 477.93
₽ 4.76

Атырауда карантин 25 мамырға дейін ұзартылды

3 644 просмотра

Атыраудағы карантин 2020 жылдың 25 мамыры сағат 07:00-ге дейін ұзартылды. Атырау облысының бас санитарлық дәрігері Темірбек Мұсағалиевтың жаңа қаулысы шықты.

Атырау облысы тұрғындары арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу бойынша шаралар туралы 

Мен, Атырау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Мусағалиев Темірбек Сарымович коронавирус инфекциясының таралуын ескерту мақсатында, «Халық  денсаулығы және халық саулығы жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 150-бабына сәйкес, Атырау қаласы аумағында COVID-19 ауруының тіркелуіне және ауру деңгейінің 7 күн ішінде 7 пайыздан жоғарылауына байланысты 

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Атырау облысы аумағында шектеу шараларын және Атырау қаласындағы эпидемиологиялық ахуал толықтай тұрақтанғанға дейін карантин режимі 2020 жылдың 25 мамыры сағат 7:00- ге дейін  созылсын;

11 мамыр сағат 7:00-ден 25 мамыр cағат 7:00-ге дейін Атырау облысының төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі жедел штабымен бекітілген блок-бекеттерден өту ережесіндегі жағдайларды қоспағанда, Атырау қаласының карантиндік аймағынан өтуге тыйым салынсын;

2. Сағат 7.00-10.00. және 17.00-20.00 аралығында міндетті түрде маска тағып, 1,5-2 метр ара қашықтықты сақтай отырып, азаматтарға (үш адамнан артық емес немесе бір отбасының мүшелеріне) тұрғылықты жерінен шығуға, жүруіне рұқсат берілсін;.

Азаматтардың қозғалысы жұмысқа баруға, азық-түлік, дәрі-дәрмек, бірінші қажеттіліктегі заттарды, рұқсат берілген қызмет түрлерін алуға (тұрғылықты жеріне жақын маңдағы), шұғыл жағдайлар бойынша дәрігерлік көмек алуға байланысты қозғалысына, азаматтарға қызметтік, жеке, қоғамдық көлікпен жүруіне рұқсат берілсін;

Мемлекеттік органдар, жедел жәрдем және шұғыл медициналық қызмет көрсету қызметкерлері, мемлекеттік медициналық мекемелер, санитарлық - эпидемиологиялық қызмет, өрт сөндіру, авариялық құтқару және авариялық техникалық қызмет, сондай ақ, стратегиялық маңыздағы нысандарға өндірістік қызмет көрсететін және өмірді қамтамасыз ету нысандары қызметкерлерінен (бөгде адамдарсыз, отбасы мүшелерінсіз  және қызметтік куәлік пен жұмыс  орнынан берілген анықтамасымен) басқа сағат кешкі 21.00 мен 6.00 аралығында Атырау қаласында азаматтар мен көліктердің қозғалысына жаппай тыйым салынады;

3. Атырау облысы әкімдігіне:
1)  Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің  2020 жылғы, 10 мамырдағы № 36-шы қаулысының (әрі қарай ҚР БМСДҚ) 15-ші қосымшасына сәйкес, санитарлық-дезинфекциялық талаптарды сақтай отырып, таңғы сағат 7.00-10.00 және кешкі сағат 17.00-20.00 аралығында қоғамдық көліктердің қызметін  қайта қалпына келтірсін.

2) әкімдіктер жанындағы мобильді топтардың нысандарға таңдамалы түрде тексеруді жүргізу мен эпидемияға қарсы тәртіп талаптары жұмысының тәртібін сақталуын тексеруді қамтамасыз етсін.  

3). Аталған қаулының орындалуын өзіме қалдырамын.

4). Аталған қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
 
Атырау облысының Бас Мемлекеттік санитарлық дәрігері Т.Мұсағалиев

11 мамыр 2020, 23:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.