Атырау, 19 сәуір 09:52
 ашықВ Атырау +30
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Атырау облысында Covid-19 жұқтырғандар 300-де асты, Теңіз кенішінде 3 жағдай тіркелді

3 372 просмотра

Осылайша, өңірде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 302 адамға жетті, деп хабарлайды Атырау облысындағы төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі шұғыл штаб. 

Штаб мәліметіне сәйкес, үш науқас та - Теңіз кенішінде жұмыс істейтін мердігер мекемелердің қызметкерлері. Атап айтқанда, олар 1963, 1999 жылғы екі ер адам және 1984 жылғы әйел. 

Covid-19 анықталғанға дейін, жұмысшылардың барлығы  бұрын  коронавирус инфекциясын жұқтырғандармен  байланыста болғаны үшін карантиндік стационарда жатқан.  Олардан  сынама  алынып, нәтижесінде  Covid-19 диагнозы расталды. 

Қазіргі уақытта науқастардың жағдайы қанағаттанарлық.  Бекітілген хаттамаға сәйкес ем алуда. Олармен байланыста болған адамдар анықталу үстінде, барлығы медициналық бақылауға алынған.

Инфекция  ошағына да   дезинфекция жұмыстары жүргізіліп жатыр.

2020 жылғы 11 мамырдағы жағдай бойынша Атырау облысында 302 адамнан COVID-19 инфекциясы анықталды.  Ал, қауіпті індеттен жазылып шыққандар саны - 113.

11 мамыр 2020, 10:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.