Атырау, 19 сәуір 21:26
 ашықВ Атырау +19
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Оралдық жұмысшылар екі күнге Атыраудағы карантиндік стационарларға орналастырылады​

3 807 просмотра

Бүгін, 10 мамыр күні Теңіз кенішінен 135 жұмысшы Батыс Қазақстан облысына демобилизациянуы керек болатын.

Атырау облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің жаңа қаулысына сәйкес, Теңіз кенішінде қызмет ететін басқа өңірдің тұрғындары ПТР-тестілеуден тұғылықты мекен-жайында өтуі тиіс. Және сәйкесінше сол өңірде карантиндік стационарға оқшаулануы қажет еді.

Алайда бүгін Теңіз кенішіндегі 135 жұмысшы үшін Батыс Қазақстан облысындағы карантиндік стационарда бос орынның жетіспейтіндігі белгілі болды.

Сол себепті, Теңіз кенішінің басшылығы батысқазақстандық 135 жұмысшыны Атырау қаласына екі күнге уақытша орналастыруға шешім қабылдады.

БҚО карантиндік стационарларда орын босағасын, өз өңіріне жеткізілетін болады. 

Атырау облысында төтенше жағдай режимін қалыптастыру жөніндегі шұғыл штаб

11 мамыр 2020, 00:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.