Атырауда түнгі рейд барысында полиция ҰҚКД қызметкерлерімен бірлесіп, жұмыс жасап тұрған ойын мекемесінің үстінен түсті.
Үшқабатты «Лото» ойын мекемесі қаланың орталығында орналасқан. Тәртіп сақшылары ішіне кіріп келген кезде ойыншылар жан-жаққа қаша жөнелді. Ойынхананың екі қызметкері мен жеті ойыншы ұсталды. Олар қалалық полиция басқармасына жеткізіліп, сот отырысын күтуде.
Фархат ӘБІЛОВ
Сурет пен бейнежазбаны түсірген автор