Атырау, 27 сәуір 00:09
 ашықВ Атырау +25
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Оңтүстік Кореяда коронавирус қайта көбейе бастаған

3 156 просмотра

Сеул билігі коронавирус жұққандар саны қайта көбейе бастаған соң қала орталығындағы клубтар мен барларды жапты. Бұл туралы Yonhap агенттігі хабарлады.

Сәуір айының соңында Оңтүстік Кореяда карантин шаралары жұмсарған болатын, алайда қалада індет қайта тарай бастаған.

Сенбі, 9 мамырда Оңтүстік Кореяда 18 адамнан коронавирус табылған. Билік өкілдерінің айтуынша, Сеулдегі түнгі клубқа барған 17 адамнан вирус анықталған. Бұл түнгі клубта 1,5 мың адам болған.

Оңтүстік Корея - коронавирус індеті тараған әлемдегі алғашқы елдердің бірі. 51,6 млн халқы бар елде 10 822 адамнан коронавирус табылған, 256 адам қайтыс болған.

9 мамыр күнгі ақпарат бойынша, әлемде 4 миллионға жуық адамнан коронавирус табылған.

Дереккөз: BAQ.KZ

9 мамыр 2020, 23:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.