Германия - Екінші дүниежүзілік соғыстың басталуына жауапты жалғыз ел. Бұл туралы елдің сыртқы істер министрі Хайко Маас тарихшы Андреас Виршингпен бірлесіп жазған "Тарихсыз саясат жоқ" мақаласында мәлімдеді, ол Spiegel-де жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Маас Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына 75 жыл толуына орай, әлемге ревизионизм қаупінен аулақ болу керегін түсіндірді.
"Германияның өткені ревизионизм қаупін көрсетеді, себебі ұлттық мифтер рационал ойлаумен алмасқан. Сондықтан, қандай да бір моральдік басымдыққа емес, біз, немістер, шабуылдаушылар зардап шегушілерге айналуына, ал құрбандар қылмыскер болуына қарсылық танытуымыз керек", - деп жазылған мақалада.
Маас пен Виршинг ел ұлтшыл диктатурамен күрескендердің барлығына риза екенін білдірді.
"Бір Германия Польшаға шабуыл жасап, Екінші дүниежүзілік соғыстың басталуына себепкер болды. Германия ғана Холокост үшін, адамзатқа қарсы қылмыс жасағыны үшін жауап береді", - деді авторлар.