Атырау, 1 мамыр 16:51
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 462.91
€ 542.16
₽ 6.16

Бір айдан кейін коронавирусты ұмытамыз - Лукашенко

3 484 рет қаралды

Беларусь президенті Александр Лукашенко коронавирусты бір ай ішінде жеңетінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Lenta.ru-ға сілтеме жасап.

Лукашенко Беларустің коронавирус инфекциясымен күрестегі әдісінің дұрыс екенін тағы атап өтті.

"Біз өз жолымызды таңдадық. Бүгін дұрыс жасағанымызға көзім жетті. Біз төтенше жағдай режимін енгізбедік", - деді ол.

Президент әрбір адамның өмірі үшін күресуге шақырды және Беларусь халқының қолынан келетінін жеткізді.

"Егер біз әрі қарай да осы жолмен кетсек, онда бір айдан кейін коронавирусты ұмытамыз", - деді Лукашенко.

Беларусте коронавирус пандемиясына байланысты қатаң карантин шаралары енгізілмеді. 

Беларусте коронавирус  жұқтырған 20 168 адам тіркелді. COVID-19 жұқтырған 5067 адам аурудан жазылды, 116 адам қайтыс болды.

Дереккөз: Tengrinews.kz  

8 мамыр 2020, 17:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.