Ұлыбритания коронавирустан қайтыс болған адам саны бойынша Еуропа елдері арасында бірінші орынға шықты. Коронавирус пандемиясы басталғаннан бері елде 32,3 мыңға жуық адам қайтыс болса, бұған дейін эпидемиядан қатты зардап шеккен ел болып саналатын Италияда 29 мыңдай адам өлімі тіркелген, - деп хабарлайды Вести.ru.
Independent хабарлауынша, бұл мәліметтерді Ұлттық статистика қызметі (ONS) келтірген. Ұйым есебі бойынша, адамдар көбіне ауруханада (19,6 мың) қайтыс болған. 5,9 мыңдай адам қарттар үйі мен интернаттарда, COVID-19 жұқтырған 1,3 мыңдай адам өз үйінде, 301 адам хоспистерде қайтыс болған.
Басылым Ұлыбританияның денсаулық сақтау министрлігі мен әлеуметттік қорғау агенттігі бұған дейін тек ауруханада қайтыс болған адам санын келтіргенін айтады.
Дереккөз: tengrinews.kz