Атырау, 8 сәуір 20:25
 бұлттыВ Атырау +12
$ 518.31
€ 567.96
₽ 6.03

Атыраулық жүргізуші Қостанай облысында жол апатынан қаза болды

Сурет
8 198 просмотра

4 мамырда Қостанай облысы аумағында «Хонда» көлігі КамАЗ-бен соқтығысты. Апат салдарынан «Хонда» көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы қаза болып, үш адам жарақат алды. Қаза болған жүргізуші - 29 жастағы Атырау тұрғыны.

- Нұр Сұлтаннан Ақтөбеге бара жатқан «Хонда» жүргізушісі көлік рөліне ие бола алмай, жол жөндеп жатқан жүк көлігіне соққан, - деп хабарлайды Қостанай облысы ІІД баспасөз қызметі.

Минивэннің тағы бір жолаушысы мен екі жол қызметкері ауруханаға жеткізілді. Апатқа қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Фархат ӘБІЛОВ

Әлеуметтік желіден алынған суреттер

5 мамыр 2020, 20:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.


16