Атырау, 22 қараша 04:09
 бұлттыВ Атырау +4
$ 494.87
€ 520.65
₽ 4.91

Қамыс өртін өшіру мүмкін емес

Сурет
4 330 просмотра

Кешеден бері қалада ыстың иісі сезіледі. Бұл Каспий теңізінің жағалауындағы «Айсан» каналының сағасында өртеніп жатқан қамыс екен.

- Бүгін, 5 мамырда Атырауда түтін мен ыстың иісі білінген соң біздің қызметкерлер ЕС-145 «Eurocopter» тікұшағымен шолып, өрт ошағын анықтады. Әуе-барлау жұмыстары барысында Каспий теңізінің жағалауындағы «Айсан» каналының сағасында шамамен 15-17 гектар аумақта қамыс өртеніп жатқаны белгілі болды, - хабарлады ТЖД баспасөз қызметі.

Өрт сөндіру техникасы мен жеке құрам үшін кірме жолдардың жоқтығына байланысты өртті сөндіру мүмкін емес. Төтенше жағдайлар департаменті бұл өрт облыс орталығына ешқандай қауіп төндірмейді деп сендіреді.

Фархат ӘБІЛОВ

ТЖД жолдаған сурет

5 мамыр 2020, 19:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.