Атырау, 26 қараша 06:44
 ашықВ Атырау -1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Киев соты Януковичті сырттай екі айға қамауға алды

3 095 просмотра

Украинаның бұрынғы президенті Виктор Янукович екі айға қамауға алынды (сырттай). Киевтің Печерский аудандық соты 4 мамырда прокуратураның ұсынысын қанағаттандырып, осындай шешім қабылдады. Януковичтің адвокаты Виталий Сердюк сот қаулысына шағым түсіретінін мәлімдеді.

УНИАН агенттігі осы іспен шұғылданатын прокурор Александр Супрунға сілтей отырып "қамауға алу туралы шешім билікті озбырлықпен басып алу туралы қылмыстық істі тергеу барысында шыққан" деп хабарлайды.

Прокурордың мәлімдеуіне қарағанда, айыптау тарабы Януковичтің Ресей аумағында тығылып жүргенін растаған.

Печерский сотында Януковичті қамауға алу шарасына қатысы бар тағы бір іс қаралады, ол - 2014 жылғы 18-20 ақпандағы оқиғалар. Бұл күндері Киевте Еуромайдан басталғалы полиция мен билікке наразылар арасында ең ірі қақтығыстар болды. Оқиға барысында президент Янукович Украинадан қашып, Киевте билік ауысты. Көп ұзамай Ресей Қырымды аннексиялады, Украинаның оңтүстік-шығысында қарулы қақтығыс басталды. НАТО-ның ресми анықтамасы бойынша, бұл қақтығыста Ресей агрессор ретінде көрінеді. Ресей Украинаның оңтүстік-шығысындағы конфликтіге "қатысымыз жоқ" деп санайды.

Дереккөз:Азаттық радиосы

5 мамыр 2020, 13:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.