Теңіз кенішінде коронавирус жұқтырған тағы 9 жағдай тіркелді, - деп хабарлайды Атырау облысындағы төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі шұғыл штаб.
Штаб мәліметінше, тоғыз науқастың барлығы - Теңіз кенішінде жұмыс істейтін мердігер мекемелердің жұмысшылары.
"Атап айтқанда, 1993, 1999, 1979, 1992, 1985, 1981 және 1999 жылғы сегіз ер адам мен 1981 жылғы әйел адам.
Covid-19 анықталғанға дейін науқастар бұрын коронавирус инфекциясын жұқтырғандармен қарым-қатынаста болғандықтан карантиндік стационарда орналастырылған еді. Олардан зертханалық анализдер алынған. ПТР диагностикалық тексеру жұмыстарынан кейін COVID-19 диагнозы расталды.
Қазір науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес ем алуда.
Науқастармен байланыста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынған. Ауру ошақтарында дезинфекция жұмыстары жүргізілуде.
2020 жылғы 5 мамырдағы жағдай бойынша Атырау облысында 202 адамда COVID-19 инфекциясы анықталды. Жазылып шыққандар саны - 76 адам", деп хабарлайды штаб.
Теңіз кенішіндегі вирус жұқтырғандар саны – 138, бұл облыстағы КВИ науқастарының шамамен 70 пайызын құрайды.