Әлеуметтік желіде Батыс Қазақстан облысының «Өлеңті» деген жерінде жүздеген ұрланған жылқылардың қамауда тұрғаны жөнінде видеожазба тарады. Олардың ішінде Атырау облысынан, әсіресе, БҚО шекаралас Қызылқоға ауданынан да ұрланған жылқылар бар деп көрсетіледі. Қолды болған жылқылардың бұл жерде қалай пайда болғандығы жөнінде жазбада айтылмайды, бірақ жер-жерден өз малын іздеп келушілер баршылық.
Мәселен, қай өңірден келгені белгісіз Нұрбол есімді жігіт 2017 жылы ұрланған малын осы көп жылқының ішінен тауып алыпты. Жылқысын ұрлатқан бір әйел де оларды осы жерден табуға тырысқан.
Бұл бейнежазбаға орай облыстық ПД баспасөз қызметкері Гүлназира МҰХТАРОВА былайша жауап берді:
-Батыс Қазақстан облысындағы полицей әріптестеріміз сәуірдің 27-сі күні бұл ақпаратты бізге жолдаған болатын. Мұны барлық аудандық полиция бөлімшелері малын жоғалтқандарға таратып көрсетіп жатыр. Кейбіреулері өз малдарын танып отыр. Қазір карантинге байланысты жолдың бәрі жабық. Сондықтан ешкім шыға алмайды, күтуге тура келеді. Бұл жағдай бойынша алдағы уақытта хабарлаймыз.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА
Бейнежазба әлеуметтік желіден алынды