Шекарадағы атыс – кездейсоқтық. Корей Халық Демократиялық Республикасы мен Оңтүстік Корея арасындағы кеше болған атысқа қатысты АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео осындай пікір білдірді, деп хабарлайды «Хабар 24».
Айта кетейік, оқиға 3 мамыр күні оңтүстіккореялық Чхорвон уезінде таңғы 07:40 шамасында болған. Солтүстік Корея тарапы демилитаризациялық аймақта орналасқан күзет постына оқ жаудырған. Жауап ретінде Оңтүстік Корея радиобайланыс арқылы ескерту жасап, екі рет қарсы оқ атады.
Атыс салдарынан зардап шеккен адам жоқ. Әзірге бауырлас елдер арасындағы бұл жағдайдың нақты себебі белгісіз. Соңғы рет Оңтүстік және Солтүстік Корея арасында атыс 2017 жылы болған. Ол кезде солтүстіккореялық әскери шекарадан өтіп, әскерден қашпақ болған.