Атырау, 22 қараша 20:02
 ашықВ Атырау +2
$ 494.87
€ 520.65
₽ 4.91

Полиция департаменті бастығының орынбасары да Теңізден вирус жұқтырып алды

5 878 просмотра

Көрнекі сурет

«АЖ»-ға Атырау облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Берік АМАНГЕЛДІНІҢ коронавирус жұқтырып алғаны белгілі болды.

Ол кеше Теңіз кенішінен келген. Соңғы кездері кен орнындағы мердігер компания жұмысшылары арасында наразылықтар орын алып, ол жаққа жұмыс сапарымен барған. Атырауға келгеннен кейін Б. Амангелді жүргізушімен бірге COVID-19 анализ тапсырып, нәтижесінде вирус расталып шығыпты.

Еске салсақ, бұған дейін Атырауда ұсталған адаммен байланыста болған үш полицей қызметкерінен коронавирус анықталған болатын.

Фархат ӘБІЛОВ

3 мамыр 2020, 23:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.