Атырау облысында Covid-19 жұқтырған тағы 9 жағдай тіркелді. Осылайша, Атырау облысында ауру жұқтырғандар саны 175 адамға жетті, деп хабарлайды Атырау облысындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі шұғыл штаб.
Штабтың мәліметінше, 9 науқастың барлығы Теңіз кенішінің жұмысшылары. Атап айтқанда, 1977, 1984, 1998, 1991 жылғы төрт ер адам және 1966, 1977, 1990, 1981 және 1974 жылғы бес әйел.
Науқастардың барлығы Теңіз кен орнында жұмыс істейтін мердігер мекемелердің қызметкерлері.
Covid-19 анықталғанға дейін науқастар бұрын коронавирус инфекциясын жұқтырғандармен қарым-қатынаста болғандықтан карантиндік стационарда болды. Олардан зертханалық анализдер алынды. ПТР диагностикалық тексеру нәтижесі бойынша COVID-19 диагнозы расталды.
Қазіргі уақытта науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес ем алуда.
Науқастармен байланыста болған адамдар анықталып жатыр. Барлығы медициналық бақылауға алынды.
Ауру ошақтарында дезинфекция жұмыстары жүргізілуде.
2020 жылғы 3 мамырдағы жағдай бойынша Атырау облысында 175 адамда COVID-19 инфекциясы анықталды. Жазылып шыққандар саны - 71 адам.