Атырау, 16 қаңтар 21:19
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 529.70
€ 545.96
₽ 5.17

Астанадан «жеке ұшақпен» оралды

3 105 просмотра
Атырау облыстық ӨКҚ ұсынған сурет

Нұр-Сұлтан қаласынан 7 ерекше бала аналарымен бірге Атырауға оралды. Олар бір күнді карантинде өткізді. Коронавирус анализі теріс шыққаннан кейін оларды үйлеріне жіберді.

Балалар 18 наурыздан бері Республикалық балаларды оңалту орталығында емдеу курсын алған. Курс аяқталған соң карантиннің салдарынан үйлеріне орала алмаған. Орталық басшылығы емделушілерге қолдау көрсетіп, ай жарымдай уақыт бойына медицина мекемесінде тұрып, қосымша ем алуға мүмкіндік жасаған. 

- Атырауға оралуға қатысты қиындық туған соң олар бізге, штабқа көмек сұрап хат жазды. Біз өз кезегімізде қазіргі уақытта өңірлер бойынша қызметкерлерін үйлеріне жіберіп жатқан ТШО компаниясына жүгіндік, - дейді ТЖ қамтамасыз ету жөніндегі облыстық шұғыл штабтың өкілі Жасұлан БИСЕМБИЕВ. - Олармен Нұр-Сұлтаннан Атырауға кері қайтатын рейстің бос бортымен аналар мен балаларды алып қайту туралы уағдаластық.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

2 мамыр 2020, 17:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.