Атырау, 1 мамыр 13:25
 бұлттыВ Атырау +16
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

«Коммуналдық» 15 мың теңге кімге тиесілі және оны қалай алуға болады

6 666 просмотра

Қазақстанда коммуналдық қызметтерді төлеуге арналған 15 мың теңгені 1,6 миллион адам алады деп күтілуде. Бұл туралы ИИДМ құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Бейбіт ШАХАНОВ мәлімдеді.

Естеріңізге салсақ, коммуналдық қызметтерді төлеуге арналған қаражат барлық топтағы мүгедектерге; мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға; көп балалы отбасыларға; Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына және оларға теңестірілген тұлғаларға; мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, адам өмiрiн құтқару және құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасыларына; ең төмен және аз зейнетақы алатын зейнеткерлерге; атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтарға, оның ішінде жалғыз басты зейнеткерлерге тиесілі.

- Жоғарыда аталған санатқа жататын азаматтарға ақпараттық жүйе немесе колл-орталығы арқылы өтініш беріп, өздерінің ЖСН, әлеуметтік мәртебесі және жеке шоты туралы ауызша ақпарат берсе жеткілікті. Кейбір адамдарға өтінішті өз бетінше тапсыру қиын екендігіне қатысты сұрақтар көп түсіп жатыр. Мұндай жағдайда өтінішті жақындарының бірі немесе уәкілетті тұлға бере алады. Бұл ретте сенімді тұлға өкілеттігін растайтын құжаттар қажет емес. Өтінішті алғаннан кейін әкімдік бұл деректерді тексеріп, алушылардың жеке шоттарына әр ай үшін 15 мың теңгеден аударады. Сәуірдің қорытындысы бойынша төлемдер мамырда аударылады, сондықтан олар екі айдың - сәуір мен мамырдың ақшасын қатар алады, - деді Б.Шаханов.

Дайындаған Зульфия ИСКАЛИЕВА

2 мамыр 2020, 17:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.