Атырау, 1 мамыр 12:12
 бұлттыВ Атырау +22
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

4 мамырдан бастап жұмыс істеуге рұқсат берілген Атырау облысындағы кәсіпорындар тізімі шықты

12 716 просмотра

Атырау облысының бас санитарлық дәрігерінің "Карантин кезіндегі өзгерістер туралы" 2020 жылдың 28 сәуіріндегі №40 қаулыға қосымшасы шықты. Онда таңеретңгі сағат 9-дан сағат 17-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етілген кәсіпорындар тізімі көрсетілген.

"Карантин кезіндегі өзгерістер туралы" 2020 жылдың 28 сәуіріндегі №40 қаулыға қосымша

Мен, Атырау облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Мұсағалиев Темірбек Сарымұлы, "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 21-бабы 13 – тармағының 4)  тармақшасына және 148-бабының 1-тармағына, Мемлекет басшысының 2020 жылғы 27 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында төтенше жағдайдың қолданысын ұзарту туралы" мәлімдемесіне, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысының 2020 жылғы 29 сәуірдегі №17 хаттамасына сәйкес және Атырау облысы халқы арасында коронавирустық инфекцияны COVID-19 (ары қарай  – COVID-19) таралып кетпеуі  үшін ҚАУЛЫ етемін:

1. 2020 жылғы 4 мамырдың сағат 06:00-ден бастап төмендегі кәсіпорындардың сағат 09:00-ден 17:00-ге дейін жұмыс кестесін сақтай отырып жұмыс істеуге рұқсат етілсін: 1) жалпы ауданы 500 шаршы метрге дейін азық-түлік емес дүкендер; 2) шаштараз (алдын ала жазылу бойынша); 3) адвокаттық қызмет көрсететін компаниялар (алдын ала өтінімдер бойынша); 4) медициналық орталықтар (алдын ала жазылу бойынша); 5) стоматологиялық клиникалар (алдын ала жазылу бойынша); 6) жарнамалық агенттіктер (алдын ала жазылу бойынша); 7) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар компаниялары және төлем терминалдарына қызмет көрсету; 8) фотосалон және гүл дүкендері; 9) микроқаржы ұйымдары; 10) сақтандыру компаниялары; 11) ломбард; 12) айырбастау пункттері; 13) жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар бойынша компаниялар.

2. Санитарлық-эпидемиологиялық талаптар сақталған жағдайда төмендегі кәсіпорындардың жұмысын қайта бастауға жол беріледі: 1) технологиялық процеске және қызметтер көрсетуге қатыспайтын персоналды қашықтан жұмыс режиміне барынша ауыстыру; 2) Қызметкерлерді жұмысқа жібермес бұрын ЖРВИ және тұмау белгілеріне тексеру ұйымдастыру және КВИ белгілері (құрғақ жөтел, жоғары температура, тыныс алудың қиындауы, ентігу және т. б.) анықталған адамдарды оқшаулап, дереу жедел жәрдем шақыру; 3) қызметкерлер арасында жеке/қоғамдық гигиена ережелерін сақтау қажеттілігі туралы нұсқама жүргізу, сондай-ақ олардың мүлтіксіз сақталуын қадағалау; 4) масканы немесе респираторларды жұмыс күні ішінде уақытылы ауыстыру шартымен пайдалану; 5) жұмыс орындарында антисептиктердің, әрбір объектіде дезинфекциялау, жуу және антисептикалық құралдардың жеткілікті қоры болуы; 6) тұрақты жұмыс орындары арасында кемінде 2 метр қашықтық сақталу керек; 7) жұмысшылар көп жиналатын учаскелердің жұмысын тоқтата тұру (мүмкіндігінше жұмыс процесінің технологиясын қайта қарау); 8) есік тұтқаларын, ажыратқыштарды, сүйеніштерді, түйіспе беттерін (үстелдерді, қызметкерлердің орындықтарын, ұйымдастыру техникасын), жалпы пайдалану орындарын (киім ілетін орындар, тамақ ішу, демалу бөлмелері, санитарлық жүйе) міндетті түрде ауысымына кемінде 2 рет дезинфекциялана отырып, өндірістік және тұрмыстық үй-жайларды ылғалдап сүртіп алу; 9) профилактикалық тексеру, жөндеу, оның ішінде сүзгілерді ауыстыру, ауа өткізгіштерді дезинфекция жүргізе отырып, желдету жүйелері мен ауаны баптау жүйелерінің үздіксіз жұмыс істеуі, желдету режимінің сақталуын қамтамасыз ету; 10) консультант пен тұтынушы арасында 2 метр қашықтықты мүлтіксіз сақтау (тікелей байланыс қызметтерін қоспағанда); 11) кезекте, кассалық және сауда аймағында сатып алушылар арасындағы қашықтықты сақтау үшін кемінде 2 метр белгінің болуы; 12) қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды барынша пайдалану; 13) алдын ала жазылу және 3 клиенттен артық қабылдамау;

3. Сағат 06:00-ден 21:00-ге дейін азаматтардың   жұмыс орнына баруына, жақын жерде орналасқан  азық-түлік, дәрі-дәрмек, бірінші кезекте қажетті заттарды сатып алуға, шұғыл көрсеткіштер бойынша медициналық көмекке жүгінуіне, рұқсат етілген қызмет түрлері бойынша қызмет алуға  рұқсат беріледі. 

Бұл ретте жеке автокөлік құралдарымен қозғалыс тек карантиндік кезеңінде жұмыс атқаруға рұқсат етілген ұйымдардың қызметкерлеріне, таңертең таңғы 06-00-ден 09-00-ге дейін, кешке 17-00-ден 20-00-ге дейін рұқсат етіледі. (тек жұмысқа барып-келу үшін жұмыс  орнынан берілген анықтама болуы қажет). Көшеде жеке спорттық шаралар мен жаттығуларға рұқсат етіледі. Бұл ретте тұратын жерінен тыс жерде жүрген кезде масканы міндетті түрде алып жүру және қолды антисептикпен өңдеу жөніндегі талаптар белгіленеді. 65 жастан асқан адамдар аса мұқтаждық болмаса үйінен шығуға тыйым салынады.

4. Сағат 21:00-ден 06:00-ге дейін облыстық және қалалық әкімдіктердің, құқық қорғау органдарының, жедел және кезек күттірмейтін медициналық көмек, мемлекеттік медициналық мекемелердің, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің, өрт сөндірудің, авариялық-құтқару және авариялық-техникалық қызметтердің қызметкерлерін, сондай-ақ стратегиялық объектілер мен тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің бөгде адамдарсыз және отбасы мүшелерінсіз өндірістік үдерісті қамтамасыз ететін қызметкерлерді қоспағанда, (қызметтік куәлік пен жұмыс  орнынан берілген анықтама болуы міндетті);

5. Ұйымдар мен кәсіпорындар үшін жоғарыда аталған және бұрын рұқсат етілген қызмет түрлерін қоспағанда, қызметтің барлық өзге түрлері карантин мен төтенше жағдайдың қолданылу кезеңінде тоқтатыла тұрады.

6. Атырау облысында төтенше жағдай режимі кезеңінде қабылданатын шараларды орындау жөніндегі жұмыс тобы санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың орындалуын бақылауды қамтамасыз етсін.

7. Эпидемиологиялық жағдай нашарлаған жағдайда карантиндік шараларды қатаңдату құқығын өзіме қалдырамын.

8. Осы қаулының орындалуын өзім бақылаймын.

9. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Атырау облысының  Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері  Т.С. Мұсағалиев

2 мамыр 2020, 16:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.