Атырау, 5 мамыр 01:02
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +12
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

«ТЖ режимін бұзды» деп бірден айып тағудың қажеті жоқ

3 239 просмотра

27 сәуір күні кешке атыраулық полиция қызметкерлері өзінің жеке үйінің ауласында 46 жасқа толғанын отшашумен атап өткен ер адамды ұстады. Оған қатысты екі әкімшілік хаттама ресімделдіӘҚБтК-нің 436 (Елді мекенде пиротехникалық бұйымдарды қолдану) және 476-баптары (Төтенше жағдай режимін бұзу) бойынша. Алайда, сотта  қазір бәрі жаттап алған 476-бапты тәртіп сақшылары автоматты түрде қолданып, асығыстық жасағаны белгілі болды.  

Сот отырысына бейне байланыс арқылы қатысқан тәртіп бұзушы туған күнін өз отбасының ортасында атап өткенін және өз үйінің ауласында отшашу ұйымдастырғанын түсіндірді. Отбасы мүшелері ауладан тысқары шыққан жоқ, қонақтар да болмаған.

Сот оны ҚР ӘҚБтК-нің 436-бабы бойынша кінәлі деп танып, 55 560 теңге көлемінде айыппұл салды. Ал екінші әкімшілік іс құқықбұзушылық құрамы болмағасын тоқтатылды.

– Ол ешкімді қонаққа шақырмаған, туған күнін өз отбасы ортасында атап өтті. Сондықтан ТЖ режимін бұзу белгілері оның іс-әрекеттерінде анықталмаған, - деп хабарлады Атырау қалалық әкімшілік сотының баспасөз қызметі. 

Фархат ӘБІЛОВ

2 мамыр 2020, 16:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.