Атырау, 5 мамыр 13:28
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +11
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Covid-19​ жұқтырған 15 адамның барлығы - Теңіз кенішінің жұмысшылары

3 446 просмотра

Өңірімізде Covid-19 жұқтырған тағы 15 жағдай тіркелді. Осылайша, Атырау облысында ауру жұқтырғандар саны 161 адамға жетті, деп хабарлайды Атырау облысындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі шұғыл штаб. 

Штабтың мәліметінше, 15 адамның барлығы Теңіз кенішінің жұмысшылары. Науқастар арасында - 1987, 1977, 1992, 1994, 1967,1993, 1994, 1970, 1990, 1975 жылғы 10 ер адам және 1971, 1978, 1990, 1972 және 1979 жылғы бес әйел бар.

15-і де Теңіз кен орнында жұмыс істейтін мердігер мекемелердің қызметкерлері.

Covid-19 анықталғанға дейін науқастар бұрын коронавирус инфекциясын жұқтырғандармен қарым-қатынаста болғандықтан карантиндік стационарда болды. Олардан зертханалық анализдер алынды. ПТР диагностикалық тексеру нәтижесі бойынша COVID-19 диагнозы расталды.

Қазіргі уақытта науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес ем алуда.

Науқастармен байланыста болған адамдар анықталып жатыр. Барлығы медициналық бақылауға алынды.

Ауру ошақтарында дезинфекция жұмыстары жүргізіледі.

2020 жылғы 2 мамырдағы жағдай бойынша Атырау облысында 161 адамда COVID-19 инфекциясы анықталды, олардың 97-сі - Теңіз кенішіндегі жұмысшылар. Жазылып шыққандар саны - 70 адам.

2 мамыр 2020, 12:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.