Сенбі күні солтүстіккореялық БАҚ КХДР басшысы Ким Чен Ын түсірілген бейнероликті жариялады. Бұл оның соңғы 20 күн ішінде алғаш рет көпшілік ортадан көрінуі, деп хабарлайды ВВС.
Мәліметке сай, кадрлар Ким Чен Ын Сунчхон қаласындағы тыңайтқыштар өндіретін зауыттың ашылуына қатысқан сәтте түсірілген. Айта кетейік, Ким Чен Ын көпшілік ортада 12 сәуірден бері көрінбеген болатын.
Бұған дейін Оңтүстік Кореяның бұқаралық ақпарат құралдары КХДР басшысы жүрегіне күрделі ота жасатып, ауыр халде жатқанын хабарлаған болатын. Алайда ел билігі бұл мәліметті жоққа шығарған еді. Сеулде билік өкілдері оларға КХДР-дан 36 жастағы ел басшысы ауыр науқас екені жайлы еш мәлімет келмегенін атап өткен болатын.
Дереккөз: Inform.kz