Атырау, 5 мамыр 13:11
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +11
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

COVID-19-ға тегін тексерілетіндер анықталды

3 342 просмотра

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан БІРТАНОВТЫҢ жұмыс істейтін азаматтарға МӘМС есебінен COVID-19-ға тұрақты жоспарлы сынама тест жасау мүмкіндігі туралы айтқаны вахтадағы жұмысшыларға қатысы бар ма? Теңіздегі жаппай вирус жұқтыру жағдайын ескере отырып, көптеген мұнай өндіруші және сервистік компаниялар қызметкерлерді вахтаға жібермес бұрын тексеру ұйымдастырғысы келеді.

- Алдағы уақытта жұмыс істейтін азаматтарды жүйелі жоспарлы тексеруден өткізу қалыпты жағдай болуы мүмкін. Қаншалықты жиі өткізілетіні жұмыстың сипатына және өндірістің эпидемиологиялық қауіптілігіне байланысты. Бұл арнайы алгоритм – кесте болады. Ол қазір көптеген елде әзірленіп жатыр. Яғни, азаматтардың көпшілігіне қауіпсіз жағдай туғызып, ел арасында және әлемге саяхатқа шығуға мүмкіндік жасалады, - деп жазды министр әлеуметтік желідегі өз парақшасында. Бұл сынама-тесттерге үш жерден ақша бөлінеді деп көзделуде: вирус жұқтырған және олармен байланыс жасағандар - бюджеттен тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберінде; жұмыс істейтін және сақтандырылған халық арнайы кесте бойынша МӘМС есебінен тексеруден өтеді. Дәрігер мен әскерилерге – мемлекеттік қаржыландыру есебінен қаржы бөлінуі мүмкін; ал қалғандары ақылы өтеді.

- Вахташыларға қатысты айтар болсақ, олар оны қазір тек ақылы негізде ғана жасай алады. Қазір коронавирусқа күдікті - ЖРВИ, пневмония, аллергиялық жөтел белгілері бар, сондай-ақ коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастарға тегін тексеру  жүргізілуде, - дейді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» АҚ Атырау филиалының директоры Сәбит ҚҰРАЛБЕК.

Сонымен қатар, Атырау облысында тегін сынама-тесті жасатуға құқығы бар адамдардың тізімі анықталды. Оған интернат мекемелерінің балалары, қарттар үйінде тұратындар, медицина қызметкерлері, құқық қорғау органдары мен арнайы қызмет қызметкерлері кіреді. Олар мемлекеттік тапсырма шеңберінде вирусқа тексеріледі. С.Құралбектің айтуынша, жұмыс істейтін тұрғындарға сынама-тест жасау қазір МӘМС бойынша көрсетілетін қызметтер тізіміне кірмейді.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

1 мамыр 2020, 21:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.