Атырау, 23 желтоқсан 12:10
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Теңіз кенішінің тағы жеті жұмысшысы Covid-19 жұқтырды. Кеніштегі науқастар саны - 82

4 694 рет қаралды

Теңіз кенішінің тағы жеті жұмысшысы Covid-19 жұқтырды, деп хабарлайды Атырау облысындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі шұғыл штаб. 

Науқастар  - 1967, 1975, 1980, 1995, 1977, 1973 және 1966 жылғы жұмысшылар. Жетеуі де Теңіз кен орнында жұмыс істейтін мердігер мекемелердің қызметкерлері. 

Covid-19 анықталғанға дейін науқастар бұрын коронавирус инфекциясын жұқтырғандармен қарым-қатынаста болғандықтан карантиндік стационарда болды. Олардан зертханалық анализдер алынды. ПТР диагностикалық тексеру нәтижесі бойынша COVID-19 диагнозы расталды.

Қазіргі уақытта науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес ем алуда.

Науқастармен байланыста болған адамдар анықталып жатыр. Барлығы медициналық бақылауға алынды.

Ауру ошақтарында дезинфекция жұмыстары жүргізіледі.

2020 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Атырау облысында 146 адамда COVID-19 инфекциясы анықталды, олардың 82-ісі - Теңіз кенішіндегі жұмысшылар. Жазылып шыққандар саны - 64 адам.

1 мамыр 2020, 16:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.