Атырау, 26 қараша 06:42
 ашықВ Атырау -1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

​Си Цзиньпиннің орынбасары: Қытай өтемақы төлемейді!

3 073 просмотра

АҚШ президенті Дональд Трамп коронавирус салдарынан туындаған зардаптар үшін Бейжіңнен өтемақы алу жайындағы талаптарын жариялаған соң, АҚШ пен Қытай арасындағы шиеленіс тіпті күшейді. Бұл туралы Қамшы тілшісі Daily Express басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

NBC телеарнасына берген сұхбатында Қытайдың атқарушы вице-министрі Ле Ючэн АҚШ-тың пандемияға қатысты айыптауларына наразылық білдірді. Қытай президентінің орынбасары коронавирустан зардап шеккен елдерге келтірілген шығындарды өтемейтінін мәлімдеді. 

Сәрсенбі күні таңертең берген сұхбатында Ле мырза Трамптың талаптарын "ашуланшақ пікір" және "саяси фарс" деп атады. Қытай шенеунігі пандемияны "табиғи апат" деп сипаттады және Пекин COVID-19 үшін қаржылық жауапкершілікке тартылмайтынын мәлімдеді.

Жақында АҚШ президенті Дональд Трамп коронавирустан зардап шеккен елдерге Бейжіңнің өтемақы төлеуі туралы талабын жариялаған соң, неміс бұқаралық ақпарат құралдарында да өтемақы алу үндеулері болды.

1 мамыр 2020, 15:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.