Атырау, 30 желтоқсан 01:01
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -4
$ 504.76
€ 593.80
₽ 6.50

Нью-Йоркте төрт жүк көлігінен 60 адамның мәйіті табылды

4 034 рет қаралды

Жүк көліктері жерлеу бюросының маңында тұрған

Фото: foxnews.com

Нью-Йорктің Бруклин ауданындағы жерлеу бюросының маңында тұрған төрт жүк көлігінен 60 адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі CNN-ге сілтеме жасап.

«Жерлеу бюросы лық толып, мәйіттерді кремацияға дейін сақтайтын орын болмағандықтан, жүк көліктерін пайдаланған. Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің айтуынша, жүк көліктерінің бірінде салқындату жүйесі болмаған», - деп жазылған ақпаратта.

Қоршаған ортаны қорғау департаменті жерлеу бюросының иесіне жағымсыз иіс үшін екі ескерту жасаған.

«Жерлеу бюросының басшылары мәйіттерді жерлеуге немесе кремациялауға дейін барлық талаптарды орындай отырып сақтауы тиіс», - деп жазылған Нью-Йорк штатының денсаулық сақтау департаментінің сайтында осы оқиғаға қатысты жарияланған материалда.

Айта кету керек, Нью-Йорк АҚШ-тағы коронавирус ошағы саналады.

1 мамыр 2020, 15:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.