Атырау, 16 қаңтар 23:56
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 529.70
€ 545.96
₽ 5.17

Мал іздеймін деп, өзі жоғалды

5 900 просмотра
Көрнекі сурет

26 сәуірде Жылыой ауданы Құлсары қаласының 40 жастағы тұрғыны жоғалған малын іздеп шығып, үйіне оралмады. Үш күннен кейін, 29 сәуірде туыстары ТЖД-ға хабарласты.

Сол күні оны жылыойлық құтқарушылар тауып алды. Оның «Нива» көлігі қаладан 120 шақырым жерде, Каспий теңізінің жағалауында балшыққа батып қалған екен.

- Ер адам аман-сау, зардап шекпеген, медициналық көмекке зәру емес еді. Құтқарушылардың күшімен кешке қарай көлік қалаға жеткізілді, - деп хабарлады төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі. Құтқару жұмысына 5 қызметкер және жол талғамайтын 1 «Трэкол» көлігі жұмылдырылды.

Фархат ӘБІЛОВ

30 сәуір 2020, 14:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.