Атырау, 26 қараша 06:59
 ашықВ Атырау -1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

​Украина үкіметі Саакашвилиге қатысты ұсынысын кері қайтарды

3 326 просмотра

Украина үкіметі Михаил Саакашвилиді реформалар жөніндегі вице-министр лауазымына тағайындау туралы ұсынысын кері қайтарды, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Бұған Жоғарғы Радада саясаткерді қолдауға қажетті дауыстың жиналмауы себеп. Парламенттегі президенттік «Слуга народа» фракциясының көп өкілі оның кандидатурасына қарсы шыққан. Енді билік Саакашвилиді Одесса қаласының басшысына ұсыну жағын қарастырып жатқан көрінеді. 

Ал Грузияда Саакашвилиге жаңа лауазым ұсыну наразылық тудырған. Грузия премьер-министрі стратегиялық серіктес мемлекеттің іздеуге жарияланған адамды жоғары қызметке ұсыну дұрыс емес деп айтқан.

Дереккөз: 24.kz

29 сәуір 2020, 16:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.