Атырау, 16 маусым 17:07
 ашықВ Атырау +31
$ 450.79
€ 482.21
₽ 5.05

​Ким Чен Ынның жерленгені туралы суреттер жарияланды

13 578 просмотра

Ким Чен Ынның жерленгені туралы жерсеріктік сурет  жарияланды. Бұл туралы Қамшы тілшісі France24news-ге сілтеме жасап хабарлайды. 

France24news ақпаратынша, Солтүстік Корея аспанынан түсірілген жерсеріктік сурет жарияланған. Жерсерігі түсірген суретте Ким Чен Ынды жерлеу шеруі болып жатқанға ұқсайды, себебі, суреттердегі шаралар 2011 жылы оның әкесі Ким Чен Ир қайтыс болған кездегідей көрініске ұқсас. Жерсеріктік суреттер бойынша, Солтүстік Корея жетекшісі Ким Чен Ын көз жұмғаннан кейін үлкен парад құрылымдарын тұрғызып жатқаны  болжануда.  

Планета зертханалары жариялаған суреттерде  әскери шерулерге жиі қолданылатын уақытша ғимараттар бейнеленген. Олар астана Пхеньянда 18 сәуірден кейін орнатылған. Айта кетейік, Ким Чен Ын 11 сәуірден бері көпшілік алдында көрінбей кетті. Бұған дейін Солтүстік Корея лидерінің жүрек отасынан көз жұмғаны жайында ақпарат пайда болып,  тіпті, оның әйнек табытта жатқан фотосы жарияланды. 

Алайда табыттағы адамның Ким Чен Ын екені немесе фотоның түпнұсқалығы расталмады. Керісінше, Ким Чен Ынның 27 сәуірде Оңтүстік Африка президентіне жазған құттықтау хаты жарияланды. Сондай-ақ Пхеньянның соғыс жаттығуларын күшейтіп жатқаны хабарланды. 

Екі күн бұрын оның отбасылық пойызының спутниктік суреті жарияланып, оның тірі екені туралы Оңтүстік Корея президентінің кеңесшісі сұқбат берді. Солтүстік Корея басылымдары Ким Чен Ынның құрылысшы жұмыскерлерге алғыс хат жолдағанын жазды. Ал, үш күн бұрын Қытай медициналық тобының Солтүстік Корея астанасы Пхеньянға жіберілгенін хабарлағанбыз. Сонымен бірге, Ким Чен Ынның өміріне үлкен қауіп төніп тұрғанын, оның орнына қарындасының келуі мүмкін екенін және Солтүстік Корея басшысының өлімі ядролық соғыс қаупін тудыратынын жазғанбыз. 

Дереккөз: qamshy.kz

29 сәуір 2020, 16:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 700 672 70 30 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.