Атырау, 1 мамыр 20:55
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 462.91
€ 542.16
₽ 6.16

Трамп АҚШ-та коронавирус жағдайы жақсарып келе жатқанын айтты

2 912 рет қаралды

АҚШ президенті Дональд Трамп елде коронавирус жағдайы жақсарып келе жатқанын айтты, - деп хабарлайды РИА Новости.

Оның айтуынша, Нью-Йорк, Чикаго, Бостон мен Жаңа Орлеанда вирус жұқтыру дерегі азайып келеді, ал басқа қалаларда жағдай тұрақтанған. 

"Елдің барлық бөлігі жақсы күйде немесе ол жақтарда коронавирусқа қатысты жағдай жақсарып келеді", - деді Трамп баспасөз мәслихатында.

Қазіргі уақытта АҚШ-та коронавирус жұқтырғандар саны 950 мыңнан асқан, 55 мыңнан аса адам қайтыс болған. 

Дереккөз: tengrinews.kz

28 сәуір 2020, 10:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.