Атырау, 16 сәуір 10:45
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +20
$ 448.56
€ 478.03
₽ 4.79

​Атырауда тұрғын үй кезегі қалай жүзеге асырылуда

3 981 просмотра

Атырауда 21 532 адам тұрғын үй алу кезегінде тұр.  Бұл туралы онлайн-брифингте қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің тұрғын үй секторының меңгерушісі Рафхат ЖОЛДИЕВ хабарлады. Олардың ішінде 2 051 көпбалалы отбасы, 12059 мемлекеттік және бюджет қызметкерлері, 1141 жетім, апатты үйде тұратын 160 адам және әлеуметтік қорғалмаған санатқа жататын  6121 отбасы бар.

- Өткен жылы біз «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 246 пәтер, биылғы жылдың бірінші тоқсанында 252 пәтердің кілтін тапсырдық. Өз кезегіңізді электрондық үкімет порталынан бақылауға болады, - деді Р. Жолдиев. Тағы бір «Бақытты отбасы» атты мемлекеттік бағдарлама бойынша 2019 жылы 72 отбасы тұрғын үйге қол жеткізді, биыл 118 адам өтініш берген, бірақ ТЖ режимі енгізілуіне байланысты өтінімдерді қарау уақытша тоқтатылды.

Қазір Атырауда 79 үй апатты деп танылды, оның ішінде 10-ы жатақхана. МЖӘ (мемлекеттік-жеке меншік әріптестік) шеңберінде апатты деп саналған үйдің  орнына  жаңа үй салып, оған кезекте тұрған осы ескі үйдің тұрғындарына пәтер бөлу туралы кәсіпкерлердің ұсынысы қарастырылады.

Сұрақтарға жауап бере отырып, Жолдиев «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша жалға берілетін тұрғын үйді сатып алуға заң жүзінде тыйым салынғанын атап өтті. Биыл 2013-2014 жылдардан бастап кезекте тұрған көпбалалы отбасылар үшін пәтер бөлінеді, ал бюджет қызметкерлерінің қазір 2009 жылдан баспана күтіп жүргендердің кезегі келді. 

Зульфия ИСКАЛИЕВА

28 сәуір 2020, 09:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.