Атырау, 9 қазан 23:52
 дождьВ Атырау +19.3
$ 448.94
€ 502.05
₽ 5.26

Трамп пен Макрон ДДҰ-ны қайта құру керегін мәлімдеді

3 332 рет қаралды

АҚШ президенті Дональд Трамп пен Франция президенті Эммануэль Макрон Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымын қайта құру керегін мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости. 

"Президент Трамп пен президент Макрон ДДҰ-ны қайта құру керек деген шешімге келді", - деді Ақ үйдің өкілі Джадд Дир.

Сондай-ақ, президенттер бес елмен - АҚШ, Франция, Ресей, ҚХР және Ұлыбританиямен кездесу өткізу керегін және ол елдермен ДДҰ-ның коронавирус пандемиясына қалай әрекет еткенін талқылайтынын айтты.

Мұның алдында Трамптың ДДҰ-ны енді ешқашан қаржыландырмауы мүмкін екені хабарланған еді.

Еске салайық, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 11 наурызда COVID-19-ды пандемия деп жариялаған болатын. ДДҰ-ның мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандардың саны 2,8 миллионға жетсе, 169 мың адам қайтыс болған.

Дереккөз: tengrinews.kz

27 сәуір 2020, 10:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.