Атырау, 14 қаңтар 04:48
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 509.75
€ 594.67
₽ 6.46

«Динада» көкөніс жеткізушілер бағаны заңсыз көтерген

4 074 рет қаралды
Көрнекі сурет

Атырау облысы бойынша Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің департаменті «Дина» базарындағы жеміс-көкөніс өнімдерін көтерме жеткізумен айналысатын сегіз тұлғаға заң бұзушылықты жою туралы хабарлама жіберді. Бұған олардың бір уақытта картоптың, пияздың, қырыққабат пен сәбіздің бағасын күрт көтеріп жіберуі түрткі болған.

Департаменттің баспасөз хабарламасында бұл жағдайда бәсекелестікті қорғау саласындағы ҚР заңнамасын бұзу белгілері бар екендігі хабарланады. Бағаларды бұрынғы деңгейге дейін төмендету туралы хабарлама алынған сәттен бастап 10 жұмыс күні ішінде орындалуы тиіс. Әйтпесе, бәсекелестікті қорғаушылар тергеу жұмыстарын бастайды. Бұл «заңсыз жолмен алынған кірісті тәркілеуге» дейін әкімшілік жауапкершілікке әкелуі мүмкін.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

26 сәуір 2020, 15:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.