Атырау, 22 желтоқсан 21:35
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Атырауда күкіртсутек көп мөлшерде тіркелді

Сурет
3 912 рет қаралды

Дәл қазір Қазгидрометтің интерактивті картасында АМӨЗ-ге жақын ауа сапасына бақылау жасайтын екі нүктеде күкіртсутегі деңгейінің 5 есеге, ал Сәтпаев-Владимирский бойындағы нүктеде 3 есеге артқаны байқалады. Суретке қараңыз.

Суреттен бес нүктенің үшеуі қызыл түспен белгіленгенін көреміз - бұл ауаның ластану деңгейінің жоғары екендігін білдіреді. Әр нүктені басып, әр көрсеткіш бойынша нақты концентрацияны көре аламыз.

№8 бақылау нүктесінде (Әуезов даңғылының маңы) - H2S (күкіртсутегі) 5 есе, РМ10 - 123 есе, РМ 2,5 - 28 есе, жалпы РМ бойынша (ұсақдисперсиялы шаң) - 258 есе асқан;

Алайда бір сағаттан кейін, шамамен сағат 17.52-де, сол станцияда H2S концентрациясы 3-ке дейін төмендеп, нүкте сарғыш (жоғары) деңгейге боялды (меңзерді сырғытып қараңыз).


№1 бақылау нүктесінде (Азаттық –Әуезов қиылысы) - H2S 5 есе;

№9 бақылау нүктесінде (Береке өнеркәсіп аймағында) –PM бойынша жалпы асу –271 есе;

№5 бақылау нүктесінде (Сәтпаев-Владимирский) - H2S 3 есе.

Қазгидромет мұның немен байланысты екенін түсіндіреді деп үміттенеміз.

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

21 сәуір 2020, 20:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.