Атырау, 24 қараша 11:01
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Еркінқалада балық инспекторлары мен браконьерлердің арасындағы төбелес немен аяқталды?

Толықтырылды
7 601 просмотра

Бүгін, 14 сәуірде, әлеуметтік желіде аумақтық жануарлар әлемі инспекциясы қызметкерлері мен браконьерлер төбелескен бейнежазба пайда болды. Оқиға бір шеті қала маңындағы «Ақжайық» резерватына қарасты Еркінқала ауылдық округінде болған.

Бұл жерде арбасы бар көне «Урал», қасында «астау» және қапшықпан шашылған бірнеше табан көрініп тұр. Соның арасынша, неге екені белгісіз, браконьерлердің бірі байқатпай келіп, мотоциклге өрт қойды... Ақыры, балық инспекторлары құқықбұзушыларды ұстады ма, жоқ па белгісіз.

«АЖ» бұл туралы түсінік алу үшін аумақтық инспекция және Атырау облыстық полиция департаментіне жолықты, әлі хабар болған жоқ. Естеріңізге сала кетейік, 1 сәуірден бастап Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарында «Бекіре-2020» балықты қорғау науқаны  өтуде.

Осы мақала «АЖ» сайтында жарияланғаннан кейін Атырау облыстық Полиция департаменті осы жағдайға байланысты хабарлама берді.

-Аумақтық жануарлар дүниесі инспекциясы және полиция қызметкерлерінің талаптарына бағынбағаны бейнеленген бейнежазбаға қатысты күдікті адамдар анықталып, қамауға алынуда, - дейді ПД өкілі Гүлназира МҰҚТАРОВА. -  Осы оқиға бойынша ҚР ҚК 335 (Балық ресурстарын заңсыз аулау) және 379 (Билік өкіліне бағынбау) баптарымен сотқа дейінгі тергеу ісі басталды.  


Фархат ӘБІЛОВ 

Бейнежазба әлеуметтік желіден алынды

14 сәуір 2020, 21:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.